379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызыл кітапқа енген жабайы құстар еркін жіберілді

  • 194
  • UPD: 10:43, 23.04.2019

Маңғыстау облысында халықаралық Қызыл кітапқа енген жабайы құстар  табиғатқа жіберілді.

Абу-Даби тәлімбақтарында өсірілген 600 дуадақ Қазақстанға ұшақпен жеткізілді. Аталған шара екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асып отыр. «Мақсат – сирек кездесетін дала құстарының популяциясын сақтау», - дейді орман және аң шаруашылығы инспекциясының мамандары.

Бір жылдық қанаттылар «Кендірлі-Қаясан қорық аймағында» ұшырылды. Оларға қозғалысы туралы ақпарат беретін спутниктік қондырғылар кигізілді. Бұл дуадақтардың қайда жүргенін бақылауға мүмкіндік береді. Босатылған дуадақтар еліміздің табиғи жағдайларына бейімделгенше қорық қызметкерлерінің жіті қадағалауында болады.

Қазақстанда қолда өсірілген құстарды табиғи ортаға шығару 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді.

Эрик Леньюс, эколог (Біріккен Араб Әмірлігі):

- Дуадақ құстарының қоршаған ортаға пайдасы өте зор. Былтыр мамыр айында осы өлкеге 500 құс әкеп, ұшырғанбыз. Биыл оның саны тағы 100-ге көбейді. Қазақстан жыл құсы – дуадақтың табиғи мекендейтін жері. Алдағы айда бұл құстар жұмыртқа басып, көбейеді. Күзге қарай қоныс аударады.

Хабар 24 телеарнасы