Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 144
379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Психологтар сәнге айналған тренингтерден зардап шеккендер туралы айтып, дабыл қағуда

  • 468
  • UPD: 11:26, 23.04.2019

Заман ағымына орай  өзін өзі дамыту тренингтері пайда болды.

«Бұл, әсіресе, 25-30 жас аралығындағы азаматтардың қызығушылығын тудырады», - дейді мамандар. Тіпті мұндай көмекке жүгінетіндердің саны жыл санап артып келе жатқаны байқалады. Ал әлеуметтік желілерде түрлі оқу тренингтері туралы  жарнамалардан көз сүрінеді. «Бірақ, сорақысы сол, осындай оқу-жаттығулардан  зардап шеккендер аз емес», - дейді психолог мамандар.

Психологтардың айтуынша, өзін өзі дамыту  тренингтеріне  көбіне отбасында пайда болған даулар, немесе қызметінде қажетті дәрежеге жете алмаған, қаражат мәселесін шеше алмаған азаматтар жүгінеді. Нәтижесінде, жалған  мамандарға жолығып, қаржы шығындайтындар бар. Сөйтіп, көздегеніне жете алмаған азаматтар одан сайын күйзеліске түседі. Соңғы жылдары саны көктемгі саңырауқұлақтай көбейіп кеткен тренинг жүргізушілердің бұл заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою керек, - дейді тәжірибелі тәлімгер Данил Файзуллаев.

Данил Файзуллаев, өзін өзі дамыту маманы:

- Бүгін Қазақстанда тренингтерді жүргізу жүйесі заңды қорғалмаған. Яғни, кез келген маман ешқандай лицензиясыз жұмыс атқара алады. Бұл тренинтер 72 сағаттың ішінде жүргізіледі. Адамға үш күннің ішінде қажетті кәсіби кеңес беру мүмкін емес. Елімізде тренинг жүргізетін әр маманды аттестаттациядан өткізіп, лицензиялау қажет деп ойлаймын.

Батыс елдерінде өзін өзі дамыту тренингтерін халықаралық деңгейдегі білікті мамандар жүргізеді. Олардың қатарында  психология ғылымдарының докторлары  жиі кездеседі. «Ал тәжірибесі жоқ жаттықтырушылар адамды керісінше күйзеліске түсіріп жіберуі әбден мүмкін», - дейді психолог.

Анна Поздеева, психолог:

- Қазір тренерлердің саны күн санап көбейіп отыр, менің жеке қара тізімім бар, бұл тізімге түрлі тренингтерден зардап шеккен азаматтармен жұмыс істеген адамдарды кіргіземін. Қомақты ақшасын беріп, ол адамның жүргізген тренингінен ешқандай нәтиже ала алмаған азаматтарға көбіне, тіпті, психолог мамандардың көмегі керек болып жатады.

Ал «аңқау елге арамза молда» - жалған мамандардың аз еместігі анық. Сондықтан адал ақшасын төлеп, көмек алғысы келетіндер өз түйсігіне ғана емес тәжірибелі тренинг жүргізушілеріне жүгінгені жөн. 

 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Өмірбек Изимов

Хабар 24 телеарнасы