378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазған қаласы 2025 жылға дейін сапалы ауыз сумен қамтылады

  • 148
Жезқазған қаласы 2025 жылға дейін сапалы ауыз сумен қамтылады

Жезқазған қаласының жұртын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ол үшін Үйтас-Айдос және Қожамсейіт құдығынан су тартып, шамамен 47 шақырым құбырды ауыстыру қажет.

«Әбден ескірген құбырлар қатты қысымға шыдамай, жарылып кете береді», - дейді мамандар. Бұған қоса қаладағы су тазарту нысаны толық жөнделмек.

Жарты ғасыр бұрын салынған гидроцех бүгінде тозған, технологиясы да көнеріпті. Оны жаңартуға 12 миллиард теңге қаржы керек. Егер қала толықтай жерасты суына көшсе, бұған дейін пайдаланып келген Кеңгір су қоймасы тек өндірістік мақсаттарға жұмсалмақ.

Нұржан Орынбаев, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

- Қаламызда 27 миллион текше метр ауыз су пайдаланатын болса, соның 11 миллионы Қожамсейіттен келсе, қалған 16 миллионын Үйтас-Айдостан алуға мүмкіндік болады. Үйтас-Айдостан су келетін болса, Кеңгір су қоймасынан су алынбайтын болады. Тиісті қаражаттар нақтыланып, бөлінетін болса, бұл жұмыстардың барлығы 2025 жылға дейін аяқталады. Өйткені жаңағы жобалық-сметалық құжаттағы құрылыс жұмыстарының сомасы көп болып тұрғандықтан, кезең-кезеңімен бөлінетін болады.

Хабар 24 телеарнасы