378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар жылы жас мамандарға жасалған мүмкіндіктерге толы болмақ

  • 170
  • UPD: 15:38, 23.04.2019
Жастар жылы жас мамандарға жасалған мүмкіндіктерге толы болмақ

Шығыс Қазақстандағы ішкі істер органдарында жасы 30-ға толмаған 350-ден астам тәртіп сақшысы қызмет етеді. Енді олардың қатары тағы да толықты. Сапқа  қосылған 12 жас полиция қызметкері  салтанатты түрде ант қабылдады.

Жаңадан келген қызметкерлердің кәсібилігін жетілдіру үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Сонымен қатар баспана мәселесін шешу бойынша сұрақтар да бүгінде үлкен қолдауға ие болып отыр. Мәселен, осыған дейін тек жедел бөлім қызметкерлеріне ғана ұсынылып келген тұрғын үй жәрдемақысын енді жол сақшылары, учаскелік полиция қызметкерлері мен кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар да ала алады.

Салтанат Стамғазинова, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор:

- Бұл қызметте жұмыс істеу бала кезден, қанша он жылдан астам арманым, арманыма қол жетті, басында университетте сабақ бергенмін. Енді қазір кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша істеймін, яғни, бұл сала өзіме таныс болған соң келдім.

Хабар 24 телеарнасы