389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nur Otan партиясының «Халыққа көмек» жобасы өз нәтижесін бере бастады

  • 573
  • UPD: 22:09, 23.04.2019

Осы жоба қолға алынғалы бері тек Шығыс Қазақстан облысында бірнеше отбасына нақты көмек көрсетілді.

Мүгедек бала бағып отырған өскемендік Гүлзира Байсалбаеваға пәтер берілді.  Ал шаруашылықпен шұғылданғысы келетін 12 баласы бар бір отбасына кәсіпкерлер қолдау білдірді.   Партия белсенділері мұндай игі істі болашақта да жалғастыра бермек.

Гүлзира Байсалбаева кемтар қызына сапалы медициналық көмек болмаған соң Тарбағтайдан Өскеменге көшуге мәжбүр болған.  Алайда қалаға келгенде басты мәселе баспана болды. 7 жыл түрлі саяжайларда үй жалдаған. Осы аралықта кемтар қызын жетелеп, қақпаған есігі қалмады. Кейуананың  жағдайынан толық хабардар  Nur Otan партиясы баспана мәселсін шешуге ықпал етеді. Осылайша биыл наурыз айында Өскемен қаласының әкімдігі бір бөлмелі пәтер береді.

Гүлзира Байсалбаева, қала тұрғыны:

- Осы үйді бергізді. Осы үйдің ішін кірсе шықссыз қылып өздерің көріп тұрғандай жөндеп берді. Елбасымыздың тапсырмасын міне облыстық, қалалық Nur Otan бұлжытпай орындап жатыр. Біз сияқты мүгедек баласы барларға үй беріп жатқанына дән риза.

Қаладағы кәсіпкерлер де біртендеп көмектесіп жатыр. Үйді  жөндеуге құрылыс материалдарын және тұрмыстық техника алып берген. Әлеуеті әлжуаз отбасы қазір пәтер кезегінде тұр. Басыбайлы баспаналы болғанша осы үйде тұрады.

Ал Черкашиндер отбасы ешкімнен қол жайып көмек сұраған емес. 12 баланы бүгінге дейін өздері асырап келеді.  Отағасы әр түрлі  жұмыс істейді. Қорасында аздаған малы бар. Жақында көпбалалы отбасына көмек ретінде Nur Otan партиясының ұйтқы болуымен бір шаруашылық 12 торай берді.

Евгения Черкашина, көп балалы ана:

- Бұл біз үшін үлкен  серіпліс. Тіпті ынталандырып қана қоймай  шағын отбасылық шаруашылықпен шұғылдануда көмек болды. Бұл әлеуметтік жағдайды оңалтуға әсер етеді.

Nur Otan партиясының  қоғамдық қабылдауына соңғы 3-4 айда 3 мыңнан астам адам келген. Олардың 500-ге жуығының мәселесі оң шешімін тапты. Әлеуметтік салаға қатысты  жұмыстар енді  «Халыққа көмек» жобасы бойынша  жалағасады.

Жансая Қаныбекова, Nur Otan партиясы ШҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

- Азаматтар  әртүрлі сұрақтармен келеді. Кейбір отбасыларға отынмен көмектесіп жатсақ, кейбір отбасыларға азық-түлікпен. Кейбір отбасыларға мемлекеттік  мекемелрге құқықтарын қорғауға көмектесеміз. Осы жерде құқықтық кеңес береміз.

«Халыққа көмек»  жобасы әрбір аудан, қалада іске асады.  Ол үшін барлық құзырлы  орган өкілдері  «Nur Otan» құрған мобилді топпен  бірге   кез-келген сала бойынша тұрғындардың мәселесіне құлақ асып, шешу жолдарын  қарастырады.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы