377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да телефон көмегімен жасалатын қылмыс саны артқан

  • 215
  • UPD: 00:03, 24.04.2019
БҚО-да телефон көмегімен жасалатын қылмыс саны артқан

Батыс қазақстандық полицейлер аса ауыр қылмыстардың ашылу көрсеткіші жөнінен аймақтар арасында 6-орынға тұрақтады.

Бұл жыл басынан бергі 3 айдың нәтижесі. Осы уақытта облыс аумағында 2,5 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелген. Бірақ бұлардың басым бөлігі, яғни 63 проценті орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. Сонымен қатар ұрлық, тонау мен қарақшылық секілді қылмыстардың да ашылу деңгейі артып келеді. Тәртіп сақшыларының алдындағы ендігі міндет - телефонның көмегімен жасалатын алаяқтық әрекеттерге тосқауыл қою. Өйткені алдап арбау жолымен өзгенің сеніміне кіріп, сан соқтырып кету фактілері екі есеге өсіп отыр.

Болатбек  Белгібеков,  облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Ұрлықтың жалпы саны 7,5 процентті құрайды. Яғни пәтер ұрлығы 73,1, мал ұрлығы 34 пайыз және автомашианаларды айдап кету  саны 7,1 пайызға төмендеп отыр. Алайда ауыр дене жарақатын салу фактілері 42,9 пайызға және 21,4 пайызға зорлау фактлерінің өсу үрдісі байқалады.

Хабар 24 телеарнасы