378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық жастар қатарластарын сайлауда белсенді болуға шақырды

  • 225
Талдықорғандық жастар қатарластарын сайлауда белсенді болуға шақырды

Талдықорғандағы «Жастар» мәдени және демалыс саябағында флешмоб өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараға өңірдегі политехникалық колледжбен өзге де оқу орындарында білім алып жатқан 200-ге жуық шәкірт қатысты. Олар осылайша батыс пен шығыстың би үлгілерінен құралған композиция арқылы елімізде өткелі жатқан саяси науқанды қызу қолдайтындарын жеткізді. Өзге елдердің би мәнері мен қаражорғаны араластыра билеген жастар флешмоб барысында күн мен оның шуағын бейнеледі.

Айдана Арсалан, шараны ұйымдастырушы:

– Алда өте жауапты кезең – сайлау келе жатыр. Бұл кезекті сайлау ел болашағын ойлау болып табылады. Сайлаудың маңыздылығы еліміздің ертеңгі болашағында деп білемін. Жетісу жастары сайлауға қатысады және белсенділік танытамыз деп сеніммен айта аламын. 

Дәурен Берікболұлы, шараға қатысушы:

– Бұл сайлау біздің ертеңімізді, тарихымыздың қалай болатынын, алдағы тарих қалай жазылатынын анықтайды. Баршаңызды осы сайлауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Жетісу жастары сайлауды толығымен қолдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы