378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында биыл бірінші рет үшем дүниеге келді

  • 170
Қызылорда облысында биыл бірінші рет үшем дүниеге келді

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үш қыздың анасы – Жаңақорған ауданы Қожакент ауылында тұратын 26 жастағы Камила Шайжанова. Жолдасы – Өмірбек Үсенов екеуі бұдан бұрын дүние есігін ашқан екі қызды тәрбиелеп отыр. Айта кетейік, бұл – жыл басынан бергі Сыр өңірінде өмірге келген бірінші үшем. Ал 28 отбасында егіздер туды. Мамандар өткен жылы облыста 3 үшем және 132 егіз дүниеге келгенін айтады. Бірнеше күн облыс орталығындағы «Ана мен бала» орталығы мамандарының қарауында болған үшемдер – Мадина, Фатима және Адинаны бүгін дәрігерлер үйіне шығарды.

Кәмила Шайжанова, үшемнің анасы:

– 5 және 3 жасар кенже қызым бар. Одан кейін үшем дүниеге келіп отыр. Бүкіл әулет болып қуандық. Денсаулықтары жақсы, ешқандай мәселе жоқ.

Хабар 24 телеарнасы