Жамбыл облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары шұжық өнімдерін өндіретін цехқа жоспардан тыс тексеру жүргізген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нәтижесінде тағамдық қоспаның шығарылған күні күнтізбеге сәйкес келмейтіндігі анықталды. Яғни алдын ала мерзімі жетпеген күнмен дайындалған. Сондай-ақ мамандар сыртқы қаптамасының өзі техникалық регламент талаптарына сәйкес емес деп отыр. Қазір күмәнді дәмдеуіш Алматы қаласына сараптамаға жіберілді. Ал өңірдегі осы өнімді таратушы компания жауап беруден бас тартты.
Нағима Жаңабаева, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті бөлімінің бас маманы:
– Бұл қоспаны Швеция шығарған деп отыр. Қазір сәуір айы, бірақ бұрын шығарылғаны көрініп тұр. Бұл санитарлық нормаға сай емес, өйткені бұл тағамға қосылатын қоспа.