377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде алғаш рет зағип балаларға арналған сынып ашылды

  • 137
  • UPD: 13:37, 24.04.2019

Өскемендегі №19 мектептің ішінен жабдықталған бөлме ерекше балалардың жан-жақты білім алуына сай етіп жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай игілікті іске жекеменшік қайырымдылық қоры мұрындық болды. Айта кету керек, облыста бүгінгі күні 30-ға жуық көзі көрмейтін бала бар. Олар бұған дейін үйлерінде немесе Семейдегі арнайы интернатта ғана білім алып келген еді. Сондықтан облыс орталығында ашылған сыныптың әлеуметтік маңызы зор. 30-ға жуық мұғалім Семей және Астана қаласындағы әріптестерімен кездесіп, тәжірибе алмасып, зағип балаларға білім берудің ерекшеліктерін де игеріп қайтты. Болашақта қайырымдылық қоры мұғалімдердің тегін түрде екінші жоғары білім алуына демеушілік көрсетпек. Бүгінде сыныпта 4 бала оқып жатыр, ал жаңа оқу жылында 9 бала келеді деп жоспарланып отыр.

Елена Бисерова, №19 мектеп директорының орынбасары:

– Арнайы балабақшадан келген балалар Брайль әліппесін бұрынғыдан да тереңірек игереді. Біз астаналық және семейлік әріптестеріміздің көмегімен олардың білім мен ғылымға деген талпыныстарын дамытуға күш саламыз. Сынып іші де осы балалардың ерекшелігіне сай жабдықталған. Сондықтан қайырымдылық қорына да айтар алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы