379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан-Ресей шекарасында іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды

  • 252
  • UPD: 12:20, 24.04.2019
Қазақстан-Ресей шекарасында іздеуде жүрген қырғыз азаматы ұсталды Depo.ua

Қазақстан-Ресей шекарасында Өзбекстанда жасаған қылмыстары үшін іздестіріліп жүрген қырғыз азаматы ұсталды.

Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде түнде Ресейден Қазақстанға қарай келе жатқан 36 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Тексеру нәтижесінде азаматтың Өзбекстан аумағында Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 25-бабының 2, 182-бабының 2, 185-бабының 3-тармақтары бойынша жасаған контрабандалық және өзге де қылмыстары үшін өзбек құқық қорғау органдары тарапынан іздестірілуде жүргендігі анықталды.

Ұсталған азамат Мәртөк аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы