379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда айыппұл мөлшері төмендейді

  • 365
  • UPD: 14:11, 24.04.2019

Елімізде айыппұл мөлшері төмендейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында айыппұл мөлшерін азайту қарастырылып отыр. Жобаны Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ұсынды. Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, құқық қолдану тәжірибесі негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру, соның ішінде оны ізгілендіру және әсіре қатаңдығын төмендету бойынша мәселелерді пысықтады», – деп атап өтті министр. Тіпті әкімшілік құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын алып тастау ескеріліп отыр. «Реттеуші органдардың ұстанымына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын азаматтық немесе тәртiптiк iс жүргiзу арқылы қарауға болады. Сондай-ақ қазіргі уақытта мемлекеттiк органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру және оларды автоматтандыру сияқты іс-шаралар орындалуда. Бұл ретте заң жобасымен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың отыз екі құрамдарын алып тастау ұсынылады», – деді Марат Бекетаев. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген санкцияларын жеңілдету және төмендету жағы қарастырылып отыр. «Министр Мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде, сондай-ақ талдау мен статистикалық деректерді ескере отырып, заң жобасымен қырық төрт құрам бойынша айыппұл мөлшерін азайту, он құрам бойынша әсіре қатаңдықты төмендету, алты құрам бойынша ескерту енгізу ұсынылады», – деді.

Хабар 24 телеарнасы