378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда билер кеңесінің алғашқы отырысы өтті

  • 126
Ақтауда билер кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Ақтауда былтыр бес аудан мен Жаңаөзен қаласында сот жұмысын жеңілдетіп, қоғам алдындағы беделін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құрылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тоғыз адам мүшелікке өткен билер кеңесі енді облыс орталығында да құрылып отыр. Сондай-ақ құрамы үш адамнан тұратын жұмыс тобы бекітілді. Кеңес төрағасы болып қалалық мәслихат депутаты Марат Молдағұлов сайланды. Ал хатшылық қызмет отставкадағы судья Гүлжахан Иманғалиеваға жүктелді. Билер кеңесі айына екі рет жиын өткізіп, отбасыдан бастап еңбек ұжымында болған даулардың сотқа жетпей, тату шешілуіне атсалысады.

Нұрсапа Примашев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы:

– Алдағы уақытта сотта қаралып жатқан даулар, әсіресе отбасы құндылықтарының сақталуын зиялы қауым арқылы шешуге бетбұрыс жасап жатырмыз. Өздерінің ережесі бар, сол ереже бойынша жұмыс істейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы