389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте Қаныш Сәтпаевтың құрметіне аудитория ашылды

  • 506
Ташкентте Қаныш Сәтпаевтың құрметіне аудитория ашылды

Ислам Каримов атындағы Ташкент Мемлекеттік техникалық университетінде қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Сәтпаевтың құрметіне арнайы аудитория ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дархан дала дарабозына арналған жеке залды Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті толықтай жабдықтап берді. Бұл екі елдің жетекші білім ұяларының өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асып отыр. Аудиторияға қазақ жерінен табылған қазба байлықтар мен қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныштың еңбектері жайлы жазылған туындылар қойылған. Кабинет толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталып, интернет желісіне қосылған. Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орайластырылған шара аясында Орталық Азия аумағындағы екі жетекші білім ұялары өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды. Соның негізінде алдағы уақытта студенттер мен оқытушылар арасында жүйелі қарым-қатынас орнатпақ. Магистр және докторанттар даярлап, металлогения және геология саласында халықаралық зерттеу топтары бірлесіп ғылыми жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

Улугбек Маннанов, Ислам Каримов атындағы ташкент мемлекеттік техникалық университетінің халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры:

– Біз бүгін жеке аудитория аштық. Ол ұлы дала ғалымының құрметіне арналды. Көрнекті ғалым металлогения ғылымының негізін қалаған, біздің Хабит Мұхаметұлы Абдуллаевпен тығыз байланыста еңбек еткен азамат. Осы аудиторияда енді студенттер білімін жетілдіріп, металлогенияның жаңа қырларымен танысатын болады.  

Хабар 24 телеарнасы