378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда тарихи тұлғаларға арналған деректі фильмдер жинағы жарыққа шықты

  • 138
Павлодарда тарихи тұлғаларға арналған деректі фильмдер жинағы жарыққа шықты

Павлодарда тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбек жолына арналған қысқа метражды деректі фильмдер жинағы жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің қолдауымен жүзеге асты. «Ертіс-Баян» өңірінің 100 танымал тұлғасы» фильмдер топтамасын дайындауға тарихшылар, археологтар, әлеуметтанушылар атсалысқан. Олар еліміздің мәдениеті мен  өнері, ғылымы мен білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан танымал адамдардың өміріне зерттеулер жүргізіп, тың мәліметтер жинапты. Жақындарының жеке мұрағаттарынан фотосуреттер, естеліктер алған. Алғашқы 25 деректі фильмнің тұсаукесеріне қатысқандар қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаевтың және кино өнерінің майталманы Шәкен Аймановтың өміріне шолу жасады. 

Гүлжанат Иманғазы, жоба продюсері:

– Бұхар Жырау, Мұса Шорманұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Естай Беркімбайұлы, Майра секілді тұлғаларға арнап отырмыз. Ол адамдардың өмірі қамтылады. Тарихта алар орны, батырлар туралы фильмдеріміз бар. Жалпы бұл фильмдердің келер ұрпақ үшін маңызы зор.

Алтынбек Нұхұлы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:

– «Ұлы даланың жеті қырында» да осы тақырып кеңінен айтылып өтті. Сондықтан жасалып жатқан іс осы бағдарламаға сәйкес келіп жатыр. «Ертіс-Баян» өлкесі тұлғаларға бай өлке және олардың істері жасап кеткен ұлағатты істері біздерге үлгі ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы