378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бала дауысы» байқауында Петропавл намысын Дана Баскенова қорғайды

  • 150
«Бала дауысы» байқауында Петропавл намысын Дана Баскенова қорғайды

Тоғыз жастағы Дана Баскенова «Бала дауысы» ұлттық ән байқауында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын болды.

Қазылар алқасын таң қалдырған өнерлі өрен Петропавлда өткен аталмыш доданың іріктеу кезеңінде жеңіске жетті. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға өңірден барлығы 102 бала қатысуға ниет білдіріпті. «Сондықтан мықтыны анықтау қиынға соқты», – дейді шараны ұйымдастырушылар. Жалпы айта кету қажет, Петропавл – еліміз бойынша іріктеу өтіп жатқан оныншы қала.

Толғанай Хасен, жоба менеджері:

– Петропавл балалары өнерлерімен таң қалдыруда. Қоңыр дауыстарымен, әдемі образдарымен келген. Балалар өте дарынды, талантты. Шыны керек, мұндайды күткен жоқпыз. Он жеті финалист таңдалынады. Олар жаз айында бізде «Жұлдызды арман» үйіне келіп, осы байқаудың супер финалына дайындалады. Ал супер финалда жеңген бала, яғни Гран-при иегері әйгілі Диснейлендке саяхат алады. Және де музыкалық білім ордасына грант иегері атана алады.

Хабар 24 телеарнасы