379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ерекше балалардың жасаған бұйымдары алғаш рет жұртшылық назарына ұсынылды

  • 123
  • UPD: 15:15, 24.04.2019

Оралда ерекше мүмкіндікке ие балалар шығармашылығына арналған көрме жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда балалар үйлері мен мамандандырылған мектептердің оқушылары өз қолдарынан шыққан бұйымдарын жұртшылық назарына ұсынды.

Балалар көрмеге тыңғылықты дайындықпен келген. Туындылары ерекше әсемдігімен көз тартады. Көбі өз жұмыстарын көрермен назарына алғаш рет ұсынып отыр.   

Әйгерім Хамзина, оқушы:

– Маған сурет салған ұнайды. Әсіресе табиғатты, жан-жануарларды және қуанышты күйдегі адамдарды бейнелегенді жақсы көремін. Мен бұл үйірмеге 2 жылдан бері келіп жүрмін. Ата-анам да әрбір жетістігіме үнемі қуанып отырады.

Рима Зинуллина, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі:

– Көмектері өте көп, суреттер сондай әдемі, олардың қолдарына, ойлау, есте сақтау қабілеттеріне жақсы әсер етеді деп ойлаймын.

Балалар үшін барлық үйірмелер тегін. Шеберлер көмегімен олар сурет салуды, киіз, қағаз және майда моншақтармен жұмыс істеуді үйренеді.  

Рада Хайрушева, қоғамдық бірлестік жетекшісі:

– Мұнда жүздеген жұмыстар бар. Біз балаларды тегін оқытуды бірнеше жыл бұрын бастадық.

Тегін курстар Ақсай қаласы мен Подстепный ауылдарында да өтіп тұрады. Ұйымдастырушылар балаларға шаттық көңіл-күй сыйлайтын мұндай шараларға қайырымды жандар көбірек тартылса дейді. Ал көрме сәуір айының соңына дейін жалғасады.  

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы