378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жұмыспен қамту бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр?

  • 130
  • UPD: 15:35, 24.04.2019

Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 50-ден аса алматылық қаладағы ірі тігін фабрикасына жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тігін фабрикасы көпшілікке арналған киім мен аяқ киім тігуден бөлек, арнайы әскери формаларды тігуге тапсырыс қабылдайды. Аяқ киімді қалыпқа құйып, табандайтын цехта қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта кәсіпорында 450 адам еңбек етеді. Алайда фабриканың өндірістік қуаты 3 ауысымда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл қосымша жұмыс күшін қажет ететіні белгілі. Сондықтан жұмыспен қамту орталығына тіркелген кез келген азамат фабрикада жұмыс істей алады.

Бағдарлама аясында дәл осы кәсіпорынға тағы 300 адамды жұмысқа қабылдау жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы