377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды жастары: Президент сайлауы ел үшін маңызды оқиға

  • 246
  • UPD: 22:31, 24.04.2019
Қарағанды жастары: Президент сайлауы ел үшін маңызды оқиға

Президент сайлауы еліміздің экономикасының дамуына, тұрақтылық пен келісімді нығайтуға жаңа леп береді.

Алдағы саяси науқанға қарағандылық жастар осылай деп, қолдау білдіріп отыр. Мемлекеттік техникалық университетте өткен форумға  қатысушылар  бірауыздан кезектен тыс өтетін президент сайлауында белсенділік танытуға дайын екендіктерін жеткізді. Шараға жоғарғы оқу орындарының студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, спортшылар барлығы 400-ге жуық жас қатысты. 

Рустам Бузяков, ҚАРМТУ студенті:

- Президент сайлауы еліміз үшін аса маңызды оқиға. Мемлекетіміздің даму болашағы да ел тізгінін қолға алатын тұлғаға байланысты болмақ. Сайлаудың әділ, ашық өтетініне сенеміз. Қарағандылық жастар саяси науқанға қолдау білдіреді дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы