378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр ауылдарға ауыз су жеткізу үшін 100 млрд теңгеден астам ақша бөлінген

  • 176
  • UPD: 23:46, 24.04.2019

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның сынына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Сенат спикері ауыз су бағдарламасына бөлінген қаржының «жұмбақ» жолмен жоғалып кететіндігін айтып, сынға алған болатын. Елімізде әлі де ауыз сумен қамтылмаған елді мекендер бар. Ауылдық жерлерді сумен жабдықтауда ең төменгі көрсеткіштер Павлодар, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында байқалып отыр. Бұл ақпаратты құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов өзі айтып берді. Комитет басшысы өткен жылы елдегі 6499 ауылдың 3892-і ғана сумен қамтылған деп отыр.

Мархабат Жайымбетов, ҚР ИИДМ құрылыс, ТҮКШ істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы:

- Былтыр ауылды жерлерді сумен жабдықтауға 100 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен ауыл ішіндегі жүйелерге 69,6 млрд теңге бөлініп отыр. Бұл 122 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау желілерін салуға, қосымша 300 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамтамасыз етуге, 5,5 мың шақырымнан астам желілерді салуға және қайта жаңартуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы