389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 800 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынады

  • 374
  • UPD: 08:20, 25.04.2019

«Нұрлы жер» бағдарламасымен бой көтерген ғимараттардың дені Талдықорған қаласында. 

Талдықорғандағы  60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы былтыр  басталды. Бір жыл ішінде құрылысшылар ғимараттың қабырғасын қалап, негізгі жұмыстарын аяқтады. Қазір Гүлмира Башаева сияқты 80-нен аса маман үйдің ішін ағартып жатыр.  

Гүлмира Башаева, жұмысшы:

- 8-де келеміз, 6-да қайтамыз. Бір-екі пәтерде 500-600 шаршы метр болатын шығар. Алып отырғанымыз көлемге байланысты 100 мыңнан 200 мыңға дейін жетеді.

Сонымен қатар облыс орталығында 16 қабатты үш тұрғын үй бой көтерді. Қазір нысанның сыртқы келбеті әрленіп жатыр.   

Талдықорған қаласындағы ең биік ғимараттар биыл пайдалануға беріледі. Алғашқы жартыжылдықта бұл үйлерге 230 отбасы қоныстанып, көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізбек. Олардың дені салымшы ретінде тіркелсе, қалғандары 7-20-25 бағдарламасы аясында баспаналы болады. 

Ержан Тұрыспаев, Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Бұл үш үйдің құрылысы 2017 жылы басталған. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жасалып жатыр. Бүгінгі таңда Талдықорған қаласы бойынша 7-20-25 бағдарламасы бойынша 375 пәтерге бюджеттік өтінім берілген.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен Алматы облысына 19,1 млрд теңге қаржы бөлінген. Оған 333 тұрғын үй салынуда. 

Дәурен Жолжанов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

- «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 79,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынып жатыр. Оның 42 мыңы, яғни 458 пәтері несиелік, ал 32 мың шаршы метрді алып жатқан 405 арендалық үй беріледі. Сонымен қатар 62 коммуналдық пәтерді тапсыратын боламыз.   

Биыл облыста көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту ісіне де жіті көңіл бөлінбек. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 5,6 млрд теңге қарастырылып, 672 алтын, күміс алқа иелеріне баспана беру көзделген. 

Авторы: Шыңғыс Қалиден 

Хабар 24 телеарнасы