378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде «Біздің Елбасы» акциясы басталды

  • 118
  • UPD: 07:50, 25.04.2019
Сыр өңірінде «Біздің Елбасы» акциясы басталды

Өскелең ұрпақтың патриоттық рухын оятуды көздеген бұл шараға Ұлттық ұлан мұрындық болып отыр.

Үш күндік бағдарлама Ұлттық ұланның ән-би ансамблі қойған «Ұлы дала ұландары» атты концертпен шымылдығын түрді. Елдік пен халықтар достығы, Отанды сүю, әскери өмірдің игі дәстүрлері мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге шақырған сахналық қойылымдарды қызылордалықтар ерекше ықыласпен қабыл алды. Мұнан бөлек Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы ашық есік күнін ұйымдастырмақ.​ Оның аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлерімен кездесу, көп балалы отбасылардың тұрмысымен танысу жоспарланған. Мұндай шаралар алдағы күндері еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасын табады.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие жөніндегі орынбасары:

- Біздің Елбасымыз «жеріміз, елімізді сақтаймыз десек, бірінші азаматтарымызды тәрбиелеуіміз керек» деп айтады. Оны тәрбиелегенде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу керек. Ұлттық кодты сақтау керек. Ұлттық код не? Ол біздің азаматтарымыз қазақ тарихын білуі керек. Салт-дәстүрін сақтауы керек. Осындай біз үлкен-үлкен жұмыс өткізейін деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы