378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдос Үкібай Twitter-де өз парақшасын ашты

  • 237
  • UPD: 21:50, 25.04.2019
Айдос Үкібай Twitter-де өз парақшасын ашты

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарып жүрген жұмысымен енді твиттерде танысуға болады.

Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы бүгін осы әлеуметтік желіде өз парақшасын ашты. Айдос Үкібаев алғашқы жазбасында Елбасының қызметі туралы ақпаратпен, бірегей фотосуреттермен бөлісіп отыратынын мәлімдеп, кейін Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы бейнероликті жүктеді. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатқаннан кейін Конституциялық заңға сәйкес Nur Otan партиясын, Қауіпсіздік rеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын басқаратыны, Конституциялық кеңес құрамына кіретіні, сондай-ақ Парламентте, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлей алатыны көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы