379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды

  • 126
  • UPD: 13:44, 25.04.2019

Шығыс Қазақстандағы Бесқарағай ауданында жерасты сулары әлі де қауіп төндіріп тұр.

Бірнеше үйді су басуы мүмкін. Ал Петропавлда су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз бойынша қарғын су басқан аулалардан 1,5 млн текше метр су сорылды. Десе де мамандар «биылғы жағдай аса күрделі болған жоқ», – дейді. Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде үлкен шығындарға жол берілмеді. Өңірлер республикалық бюджеттен қаржы сұрамаған. Ал апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға 1000-нан аса адам мен 280-ге жуық техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 9 мың метр уақытша бөгет тұрғызылып, 65 мыңнан аса инертті материал қолданылған. Қауіпті аумақтарға қосымша күш жіберілді.

Юрий Ильин, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары:

- Биылғы ахуалдың жақсаруына «Жол картасы» аясында атқарылған жұмыстар әсер етті. Қарағанды, Ақмола облыстарындағы күрделі жағдай жергілікті биліктің күш салуымен шешімін тауып келеді. Қазір Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің көтерілуіне байланысты су тасқынының екінші толқыны басталды. Павлодарда Ертіс өзенін бойлаған 9 елді мекен назарымызда.

Хабар 24 телеарнасы