378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Айбалта-2019»: Нұрлан Ермекбаев оқу-жаттығудың барысымен танысты

  • 165
  • UPD: 13:47, 25.04.2019
«Айбалта-2019»: Нұрлан Ермекбаев оқу-жаттығудың барысымен танысты

Еліміздегі 8000 әскери қызметші мен 2000-нан аса әскери техника «Айбалта-2019» оқу-жаттығуын пысықтап жатыр.

Осыған байланысты қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Алматы гарнизонына барып оқу-жаттығудың барысымен танысты. «Көктал» полигонында әскери ведомство басшысы әскерлердің практикалық іс-қимылдар тәртібін және полигондағы инфрақұрылым нысандарын тексерді. Заманауи қауіп-қатерлерді ескере отырып, әскерлерді жауынгерлік қызметтің негіздеріне сапалы оқытуға, қару-жарақ пен әскери техниканың тиімді қолданылуына, сондай-ақ оқу-жаттығу өткізу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталуына ерекше назар аударды. Сапар қорытындысы бойынша қорғаныс министрі  жауынгерлік қабілетті одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді. 

Айта кетйік, «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы 15 сәуірде басталды және 3 мамырға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы