378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ұрлық жасамақ болған екі азамат ұсталды

  • 457
  • UPD: 15:19, 25.04.2019
ШҚО-да ұрлық жасамақ болған екі азамат ұсталды

Өскемен-1 станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері алдын ала келісу арқылы Ново-Заводская станциясындағы теміржолда тұрған жылжымалы құрамның жүк вагондарынан ЖШС-нің біріне тиесілі құрамында бағалы металдар бар концентратты ұрламақшы болған екі азаматты оқиға орнында ұстады.

Көлік полицейлері олардың 1980 және 1995 жылдары туған Риддер қаласының тұрғындары екендіктерін анықтады.

Келтірілген шығын көлемі – 361 247 теңге.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық сотының шешімімен ұсталған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша, яғни жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 1 жыл 9 ай бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза белгіленді.

Ақпарат көзі: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы