378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда белгілі ғалымның ісіне қатысты үшінші сот процесі өтті

  • 156
  • UPD: 20:35, 25.04.2019

Бүгін Алматы қалалық сотында белгілі қазақ ғалымы Ғалымжан Мамытбеков ісіне қатысты үшінші сот процесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

2014 жылы оған Қылмыстық кодекстің 176-бабы, 4-бөлімі бойынша, яғни «Мемлекет мүлкін ұрлады» деген айып тағылған болатын. Сол жылдары Ғалымжан Мамытбеков «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында жұмыс істеген. Бастапқыда ғалымға 83 млн теңгені ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізсіз жұмсады деген айып тағылған. Алайда бірінші сот отырысында 38 деректің 17-сі расталмаған. Ал екінші сот отырысында Мамытбековты 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы үкім шыққан еді. Сөйтіп ғалымның кінәсі толық дәлелденбегенімен, ол үш жылға жуық уақыт абақтыға қамалды. Алайда бұл істі Мамытбековтың адвокаттары аяқсыз қалдырмады. Жоғарғы сотта ғалымның кінәсіз екенін дәлелдейтін деректер келтіріп, оның абақтыдан шығуына қол жеткізді. Бірақ іс әлі аяғына жеткен жоқ. Келесі сот отырысы 4 мамырда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы