379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парламент Мәжілісінде әскери кадрларды даярлауға арналған жиын өтті

  • 111
  • UPD: 20:07, 25.04.2019

Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі жиынға әскери кадрларды даярлау мәселесі өзек болды. Комитет төрағасы Мұхтар Ерман өз сөзінде бұл міндеттің киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ жиын барысында заманауи қауіптер мен қатерлерге қарсы тұру, оқу бағдарламасын жетілдіру, стратегиялық нысандарды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, әлемнің жетекші әскери мекемелеріне жергілікті мамандар мен курсанттарды жіберу сияқты өзекті сұрақтар талқыланды. 

Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазіргі уақытта кибершабуылдар жиі болып жатады. Соған байланысты әскери қызметшілердің дайындығы қалай болып жатыр? Оның нәтижесі мен деңгейі қалай? Қазіргі таңда 50-60 адам дайындалып жатыр. Меніңше бұл аз. Оны материалдық қамтамасыз ету керек. Мұғалімдер керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы