378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Г. Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Алматыдағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралады

  • 148
  • UPD: 22:27, 25.04.2019

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Үкімет мүшелері жұмыс сапарымен Алматыдағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен онкология-радиология қазақ ғылыми-зерттеу институтында Үкімет басшысының орынбасары зертханаларды аралап көрді. Бүгінде бұл емдеу мекемесі соңғы технологиялармен жабдықталып, қатерлі ісік ауруымен күресуде кешенді бағдарламаны жүзеге асыруда. Нәтижесі жаман емес. Үкімет мүшелері сондай-ақ туғаннан сал ауруына шалдыққан, дамуында кемістігі бар балаларды оңалту орталығында болды. Заманауи орталықта балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған.

Алматыдағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашылғанына жылға жуықтады. Аз уақытта орталық зейнет жасындағы азаматтардың бос уақыттарын тиімді өткізетін орнына айналған. 10 айда орталық 10315 зейнеткерді қамтыды. Айта кету керек, соңғы үш жылда Алматыда әлеуметтік саланы қаржыландыру 2,5 есеге артқан.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Алматы – үлкен қала. Бос уақытын өткізуге, болып жатқан еліміздегі саясатты талқылауға, жалпы ұзақ өмір сүруіне кепілдік жасайтын орталықтар құрылса, жалпы халықаралық деңгейде осындай орталықтар бар. Сондықтан әрі қарай республика бойынша таратамыз.

Үкімет мүшелерінің жұмыс сапары Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығында жалғасты. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың әлеуметтік мәселелері шешімін тапты.   

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл басынан бері 3 мыңнан аса алматылық жұмыспен қамтылған. Олардың 254-і – әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы отбасылардың мүшелері.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы