378.59 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаратауда кәмелетке толмаған белгісіз қыздың мәйіті табылды

  • 309
Қаратауда кәмелетке толмаған белгісіз қыздың мәйіті табылды

Бүгін Жамбыл облысы Қаратау қаласының маңынан белгісіз адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қайтыс болған жанның жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 24 сәуір күні Жамбыл облысының Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының тұрғыны өнер мектебіндегі оқитын сегіз жасар қызының үйіне оралмағанын айтып арызданған. Аталған дерек бойынша қалалық, аудандық полиция бөлімдері мен барлық облысқа шұғыл түрде бағыттама беріліп, жедел-іздестіру топтары құрылған. Бұл жұмыстарға 70-тен астам полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері, сондай-ақ мұғалімдер мен еріктілер тартылған. Олар қараусыз қалған үйлер мен барлық елді мекендерді тінтіп, қарап шыққан. Ал бүгін сағат күндізгі 11-де жеткіншекті іздестіру барысында қала шетінен кәмелет жасына толмаған белгісіз қыздың өртеніп кеткен мүрдесі табылды.

Арман Оразалиев, облыстық полиция департаментінің басшысы:

– Қаратау қаласының маңынан белгісіз адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша, мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, анасы мәйіттің киім қалдықтарын қызынікі екенін болжады.

Хабар 24 телеарнасы