377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауға Иранның жауынгерлік кемелері келді

  • 209
  • UPD: 09:51, 26.04.2019

Ақтауға достық сапармен Иранның жауынгерлік кемелері келді. Бұл Иран теңізшілерінің еліміз тәуелсіздік алғалы Қазақстанға жасаған екінші сапары.

Ақтау теңіз портына аялдаған меймандарды Қазақстанның әскери теңіз күштері салтанатты түрде қарсы алды. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен күй тартылып, ән шырқалды. «Джошан» және «Сепар» - Иранның ең үлкен су көліктері. 1500 тонна су ығыстыра алатын қуаты бар. Экипаж құрамы 120 адамнан тұрады. Ирандықтардың басты мақсаты – қазақстандық әріптестерімен өзара байланысты нығайту. Олар Ақтауда 3 күн аялдауды жоспарлап отыр. Киелі Маңғыстаудың тарихи жерлерін аралап, түрлі кездесулер ұйымдастырады.

Хусейн Харири, Қазақстан Республикасындағы Иран елшілігінің әскери атташесі:

- Каспий-достық теңізі. Біз секілді оны жағалай орналасқан барлық ел тыныштықты қалайды. Теңіз бәрімізге ортақ. Сондықтан да оны қорғау міндетіміз. Сапар барысында қазақстандық әріптестермен тәжірибе алмассақ дейміз.

Қыдыржан Мұқанов, ҚР ҚҚ ӘТК Бас қолбасшысының орынбасары:

- Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы әскери әріптестіктің негізінде жүзеге асты. Бұған дейін Қазақстанның әскери теңізшілері Иран еліне барып қайтқан еді. Мұндай сапарлар достық қарым-қатынасты нығайтып, Каспий теңізіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы