379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінің металлургтері сайлауда таңдау жасауға дайын

  • 136
  • UPD: 08:05, 26.04.2019
Ертіс өңірінің металлургтері сайлауда таңдау жасауға дайын

Ертіс өңіріндегі алюминий зауытының қызметкерлері Президент сайлауына бірауыздан қатысып, өз таңдауын жасайды.

Аймақ металлургтері осындай ойларын ел болашағын айқындайтын саяси науқанға орай ұйымдастырылған шара барысында жеткізді. Кәсіпорын еңбекшілері сайлауда белсенділік таныту әр азаматтың борышы деп біледі. Сондықтан жиын барысында  облыс тұрғындарын таңдау жасауға шақырды. Сонымен қатар, халық өзі таңдаған үміткердің ел азаматтарының хал-ахуалын жасқарту, экономикалық әлеуетті арттыру мақсатындағы тынымсыз еңбек ететініне сенімділік білдірді. Айта кетейік, бүгінгі күні қанатты металл өндірілетін бірегей өндіріс ошағында алты мыңнан астам маман еңбек етіп жатыр.

Жанасыл Батхолдин, алюминий зауытының инженері:

- Келе жатқан сайлауға әр азамат қатысуы міндетті деп ойлаймын. Өйткені бұл сайлау біздің болашағымыз үшін өте маңызды. Оған мен ғана емес, зауыттағы бүкіл жастар қатысады деп ойлаймын. Өйткені бұл болашағымыз үшін маңызды қадам.

Хабар 24 телеарнасы