377.97 423.44 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Нұр-Сұлтан» кемесі суға түсірілді

  • 215
  • UPD: 09:52, 26.04.2019

Оралдық кеме құрастыру зауыты «Нұр-Сұлтан» атауын иеленген жаңа кемені суға түсірді.

Су көлігі шекара қызметінің тапсырысымен жасалған. Келешекте еліміздің Каспий теңізіндегі шекарасын қорғап, қарақшылық әрекеттер мен контрабандалық операцияларға тойтарыс береді. «Барыс» жобасымен жасалған бұл 6-шы кеменің қару-жарағы мен байланыс құралдары толықтай жаңғыртылған.

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Бұл оралдық зауытта құрастырылған 30-шы су көлігі. Кеме жасау ісінде көп нәрсе үйрендік, мол тәжірибе жинадық деп сеніммен айта аламыз. Оған осы кеменің жауынгерлік мүмкіндіктері айқын дәлел.

Ұзындығы 42 метр болатын су көлігі 5 балдық теңіз дауылына төтеп бере алады.     

 Салмағы 240 тонна. Су тұщытатын қондырғының көмегімен теңіз бетінде 5 тәулік бойы жүзе алады. Су асты диверсанттарымен күреске арналған арнайы жабдықпен қамтылған.  Қауіп төнген жағдайда жау нысанына 5 шақырым жерден соққы беріп, жойып жібереді.

Сабыр Хасанов,  ҚР ҰҚК Шекара қызметі жағалау күзеті басқармасының басшысы:

- Тек қана су бетінде емес, су астында да локациялық станциялар бар. Соған байланысты жаңа техника ретінде көп өзгерістер болып жатыр. Біздің  шекара қызметшілері осындай кораблді пайдалану үшін өте қуанышты. 

«Барыс» жобасындағы мұндай кемелерді құрастыру ісі 13 жыл бұрын қолға алынды.  Оралдықтар үшін әр кеменің теңізге аттануы зор қуаныш.  

Вячеслав Валиев,  кеме құрастыру зауытының директоры:

- Келешекте  «Кемеңгер» атты жоба аясында су ығыстырғыштық салмағы 550 тонна болатын кеме құрастыру жоспарда бар. Біз бұл тапсырысты да ойдағыдай орындауға даярмыз. Еліміздің 1800 шақырым болатын теңіздегі шекарасын өзімізде жасалған отандық кемелер күзетіп жүр. Сондықтан біз еліміз үшін шын мәнінде өте қажетті өнім өндіріп жатырмыз деп мақтанышпен айта аламыз.

Алтай Көлгінов,  Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- Елбасымыздың индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аясында зауыт үлкен қолдау алды, мемлекеттік тапсырыс алды. Сол зауытты модернизациялаудың нәтижесі. Алдағы уақытта біз бұдан да үлкен кемелерді дайындауға зауытты соған сәйкес дамытып мемлекеттің қармқорлығымен осындай отандық өнімді шығару біз үшін өте маңызды.

Шекара қызметі кеме құрастыру зауытымен қарым-қатынасын үзбек емес. Мәселен, жағалау қызметі үшін кемелерді орналастыру жүйесі мен жаңа айлақтар ауадай қажет,- дейді мамандар.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы