378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде орман өртінің шығыны есептеліп жатыр

  • 364
  • UPD: 14:27, 26.04.2019
Ертіс өңірінде орман өртінің шығыны есептеліп жатыр

«Ертіс орманы» мемлекеттік  табиғи резерватында өрттен келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Мамандардың айтуынша, өткен тәулікте 30 гектар алқап отқа оранған. Дер кезінде қолданылған шаралардың арқасында ерекше қорғауға алынған қылқан жапырақты орман зардап шекпепті. Өртті сөндіруге 120 адам, 35 арнайы техника және 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар облыстық ТЖД-нің мамандары, Шарбақты аудандық ТЖ бөлімі мен қарапайым ауыл тұрғындары атсалысты.  Орманға өрт жазық даладан келген. Белгілі болғаны, жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне қарасты жерде  құрғақ шөпті өртеген екен. Жел көтеріп  әкеткен  қызыл жалын орманға ауысыпты.  Шамамен 6 сағат ішінде өрт толық сөндірілді. Қазір оқиға орнында кезекшілік қойылды. Өртті бақылау мұнаралары тәулік бойы жұмыс істеп тұр. 

Ринат Нұрғазин, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты бас директорының орынбасары:

- Шығынның мөлшеріне қарап қылмыстық іске тартылуы әбден мүмкін. Біз дер кезінде тоқтатып алдық. Қазіргі уақытта жанама шығын есептеліп жатыр. Орманға келген өрт салдарынан  тікелей шығын жоқ. Ағаштардың барлығы аман. Желдің қатты болғанынан орман қорының жеріндегі шөптер жанып кетті.

Әзілхан Әбеуов,  Шарбақты ауданының әкімі:

- Кеше түні бойы  бізде локализация алты жарымда болды. Бес-алты сағатта сөндірдік. Сонымен қатар түні бойы өзімізде 8 өрт сөндіру машинасы сонымен қатар 2 трактор кезекшілік жасады. Қазіргі кезде де кезекшілік өтіп жатыр. Ертіс орманының авиаспас ұйымы бар, сонымен қатар тікұшақпен шолу жасап қарап отырмыз. Өрт шығатын болса тезірек іс-қимыл жасауға.

Хабар 24 телеарнасы