379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысындағы суға түсу аймақтары құтқару бекеттерімен қамтылмаған

  • 167
  • UPD: 15:33, 26.04.2019

Тіпті демалушылар арылмайтын Арал ауданындағы Қамбаш көлінің өзінде типтік станция жоқ.

Сонымен қатар «Оңтүстік өңірлік аэро-ұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің автопаркі соңғы 4 жылда мүлдем жаңартылмаған. Дегенмен аймақтың төтенше жағдайлар қызметі жарамды техникасын сайлап, суға түсу маусымына даярлықты бастап кетті. Дайындық барысын әріптесім Қамбар Бекенов  байыптап көрді. 

Қамбар Бекенов, тілші:

- Жасақтың ауыр арнайы көліктерінен бөлек катер қайықтарды қосқанда барлығы 20 техникасы бар. Әбжіл қимылдайтын топ жыл басынан бері 131 рет көмекке шығып, 237 адамды түрлі келеңсіз жағдайлардан құтқарды. Енді алда суға түсу маусымы күтіп тұр. Не жетіспейді? Құтқару станцияларының жай-күйі жөнінде төтенше жағдайлар департаменті басшысының өзінен сұрап білсек.

 

Қамбар Бекенов, тілші:

- Жыл басынан бері облыстың 2 тұрғыны суға ағып кеткен. Бірі балық аулау кезінде, енді бірі өзен-көлге түскен. Осындай қайғылы жағдайларды болдырмас үшін құтқарушылар дайындық шараларын күшейтті. 

Жасақ сарбаздары адамды құтқару және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін меңгеру үстінде. Қолдағы бар техника жөндеуден өткізілді. Сүңгуірлер 4 катер, 6 темір және 16 үрмелі қайықпен үздіксіз жаттығу жүргізіп жатыр. Одан бөлек облыстың басқа да су айдындарында, балық аулайтын орындарда 13 рейд өткізілді. 

Қамбар Бекенов, тілші:

-Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарына да баса мән беріп отыр. Зерттелмеген аумақта суға түспеу жөнінде тұрғындарға үнпарақтар таратылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер бойынша үздіксіз ескертпе жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы