378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан көшелеріндегі арықтарға су келді

  • 218
  • UPD: 23:26, 26.04.2019
Түркістан көшелеріндегі арықтарға су келді

Қала ішіндегі жолдардың бойымен сылдырлап су ағып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Неше жылдан бері тіршілік нәрінен тарығып, аңқасы кепкен арықтар қайта тазаланды. Көшелер мен көшеттердің бойына қан жүгірді. Бұл, біріншіден, жаздағы аптап ыстықтың алдын алу үшін, әрі қаланы жасыл желекке айналдыру мақсатында жасалып отырған шара. Жауапты мамандардың айтуынша, алдағы уақытта тағы да 6 су ұңғымасы іске қосылады. Ол кезде жол бойындағы ағаштар судан тапшылық көрмейді. Арықтар қалпына келтіріліп, су тоқтамай ағып тұрады. Қазір арнайы қойылған қондырғының көмегімен шаһардағы бірнеше көшеге су келіп тұр. Оны көрген қала халқының қуанышында шек жоқ. Жалпы, бүгінгі күні қаладағы кіші каналдар күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Сондай-ақ Арыс-Түркістан магистральді каналынан босатылатын кіші каналдар да іске қосылады.

Қыдырбай Үсенбай, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қаланы көгалдандыруға, климатқа әсері бар. Қаланың барлық жерінде су жатса, бізге де, елге де – бәріне жақсы. Жұмыс толық күзде аяқталады. Біз бүгінгі таңда су баратын жердің барлығының көздерін ашып, қаланың ішінен 30-40 көшеге су әкелетін болсақ, бұлардың бәрін бір жүйемен өткізетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы