378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік зауыт жұмысшылары алдағы сайлауда өз таңдауын жасайды

  • 89
  • UPD: 23:30, 26.04.2019
Ақтөбелік зауыт жұмысшылары алдағы сайлауда өз таңдауын жасайды

Ақтөбелік зауыт жұмысшылары алдағы саяси науқанға белсене қатысуға дайын.

Ел игілігі үшін жасалған жұмыстар жалғасын тауып, еңбек адамының мәртебесі арта түссе дейді олар. Хром қосындылары зауыты шығаратын дайын өнімнің 97 пайызы әлемнің 40-тан астам еліне экспортталады. Жарты ғасырдан астам тарихы бар алып өндірісте жылына 100 мың тонна кен өңделіп, хром қосындыларының 6 түрі шығарылады. Мұнда екі мыңнан астам адам еңбек етеді. Кәсіпорында жыл сайын жаңа жобалар іске асырылып жатыр. Зауыт жұмысшыларының басым бөлігі жастар. Олардың оқып-үйреніп, тәжірибе жинауға мүмкіндіктері мол. 

Әкімжан Боранқұлов, зауыттың бөлім басшысы:

- Сайлау қай уақытта да маңызды іс-шара үлкен. Бұл халықтың қалауы. Бұл халықты басқаратын, қазақша айтқанда мың қосшыдан бір басшы деп, елімізді басқаратын, халықты басқаратын, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын Президентімізді сайлау. Сондықтан да мен өзім ойлаймын, кез келген Қазақстан азаматы сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарайды деп, өз таңдауын жасайды деп.

Хабар 24 телеарнасы