378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдері жабылып жатыр

  • 204
  • UPD: 23:28, 26.04.2019
Елімізде тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдері жабылып жатыр

Ішкі істер министрлігіне қарасты тіркеу-емтихан қабылдау бөлімдерінің барлығы 1 шілдеге дейін жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілмек. Қазір мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлікті және нөмірді тіркеу, жүргізуші куәлігін беру бойынша арыздар қабылданады. Полиция қызметкерлері өз кезегінде тәжірибелік және теориялық емтихандарды қадағалап, қорытынды береді. Енді бұл қызметтер де «Азаматтарға арналған үкіметке» жүктеледі. Нәтижесінде ұзын-сонар кезектер жойылады. Мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдейді. Жемқорлыққа жол берілмейді деп күтілуде.

Хабар 24 телеарнасы