379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 27 мемлекеттік университет жекешелендірілмек

  • 164
  • UPD: 23:27, 26.04.2019
Елімізде 27 мемлекеттік университет жекешелендірілмек

Елімізде жоғары оқу орындарын коммерциялық емес ұйымдарға көшіруді жеделдету керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 мемлекеттік университет коммерциялық емес акционерлік қоғам болып құрылды. Бүгін Алматыда өткен Nur Otan партиясының кезекті отырысында осы мәселе талқыланды. Оған еліміздің білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова және Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты. «Жоғары оқу орындарын жекешелендіруде Назарбаев университетінің тәжірибесіне сүйену керек», – деді жиында сөз алғандар. Бұл ең алдымен оқу орындары арасында бәсекелестікті арттырады. Ал ол білім сапасының жақсаруына ықпал етеді. Алдағы уақытта елімізде 27 мемлекеттік университет жекешелендірілмек.

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине, ендігі жерде жоғары оқу орны гранттарында өздерінің коммерциялық ұйымдарында қаражат өсушілік байқалады. Бұл заң аясында көп құзыреттілік ректорға берілген. Әрине, мемлекеттен бөлінген қыруар гранттарға ие болуға болады.

Хабар 24 телеарнасы