378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

  • 115
  • UPD: 23:02, 26.04.2019
Елордадағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

Қайта іске қосар алдында мамандар 43 субұрқақ және 45 субұрқақ кешенін тексерістен өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Барлық субұрқақтарды іске қоспас бұрын біз техникалық және тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Оған: шамдарды, музыка мен жарық беруді, құбырлардың жарамдылығын тексеру, сыртқы көріністі қалпына келтіру, сондай-ақ суды дайындау жатады. Іске қосылған соң мамандар жоспарлы тексерулер жүргізеді. Күн сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін, 16:00-ден 17: 00-ге дейін техникалық үзіліс кезінде қоқыс жинау ұйымдастырылады», – деп мәлімдеді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Ең үлкен субұрқақтар «Жерұйық» саябағында, «Астана-Бәйтерек» монументі жанында, Министрліктер үйі мен «Жастар» сарайының жанында орналасқан. Қаладағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылмақ.         

Хабар 24 телеарнасы