378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қатты жел мектеп шатырын қиратты

  • 186
  • UPD: 07:25, 27.04.2019
Қарағанды облысында қатты жел мектеп шатырын қиратты

Қарағанды облысында қатты жел тұрып, бірнеше әлеуметтік нысанға залал келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көктас ауылындағы клубтың және бірнеше тұрғын үйдің шатырын жел көтеріп кеткен. Сонымен қатар Қарағанды қаласындағы №11 орта мектептің де 250 шаршы метр шатырын дүлей дауыл қиратты. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Арман Бақтыбаев, Қарағанды қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары:

– Соңғы 2-3 жыл бойы қатты дауыл тұрса болды, шатырдың дәл осы тұсын көтеріп кетеді. Қазір біз құрылысшылармен кеңесіп, бұл учаскені жақсылап бекітудің амалын қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы