378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл фосфор зауытының жұмысшылары сайлау науқанына белсене қатысады

  • 139
Жамбыл фосфор зауытының жұмысшылары сайлау науқанына белсене қатысады

Жамбыл облысында 484 сайлау учаскесі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқан кезінде мұнда сайлау комиссияларының 3666 мүшесі жұмыс істейді. Қазір аймақта саяси додаға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Шара кезінде Жамбыл фосфор зауытының жұмысшылары да белсенділік танытпақ. Өңірдегі ірі өндіріс орнында еңбек ететін 2300-ден астам қызметкер «сайлауға 100 пайыз қатысамыз» деп отыр.

Арман Қарағалиев, зауыттың бас экологы:

– Зауыт ұжымы кезектен тыс сайлауды толық қолдайды. Өйткені қарапайым азаматтарға, жұмысшыларға біріншіден тұрақтылық керек. Тұрақтылық болса, біздің жұмысымыз алға басады.

Хабар 24 телеарнасы