379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық музейде батысқазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

  • 193
Ұлттық музейде батысқазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

«Жазира-Жайық». Дәл осындай атаумен Ұлттық музейде Батыс Қазақстан облысы суретшілерінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 17 суретшінің 60-қа жуық туындысы қойылған. Жайық бойынан келген қылқалам шеберлерінің көрмесі елордада алғаш рет өтіп отыр. Түрлі тақырыпты арқау еткен туындыларға көзі қарақты көрермен жоғары баға берді. Суреттерде өткен ғасыр мен келешек арасындағы рухани байланыс көрініс тапқан. Айта кету керек, облыста суретшілер одағының 30-ға тарта мүшесі бар.

Қуандық Мәдір, БҚО суретшілер одағының төрағасы:

– Бұл жерге алып келген жұмыстарымыз кәсіби деңгейде жасалған. Тарихи, тұрмыстық тақырыптарда суреттер бар. Сонымен қатар зергерлік бұйымдар да әкелінді.

Хабар 24 телеарнасы