378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда 1000-нан астам ескі ағаш оталады

  • 132
Петропавлда 1000-нан астам ескі ағаш оталады

Петропавлда көгалдандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл облыс орталығында 3000-нан аса көшет отырғызылады. Аталған жұмыстар қаланың алты көшесінде жүргізіледі. Қазір коммуналдық қызметшілер осы көшелердегі ескі ағаштарды отап жатыр. Ал олардың орнын қайың, шырша, долана, терек және жабайы алма ағаштары алмастырады. «Бұл көшеттер суыққа төзімді. Сондықтан арнайы таңдап алынды», - дейді әкімдіктегілер. Ағаштардың барлығы жергілікті орман алқаптарынан әкелінген. Жалпы айта кету қажет, өткен жылы облыс орталығында отырғызылған ағаштардың 85 проценті жерсінген екен.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

– Қазіргі кезде қала бойынша 1000-ға жақын ағаш кесіліп жатыр. Ол – көбіне қарағай мен терек. Себебі бұл ағаштар 50 жылдан астам тұрған ағаштар. Кез келген уақытта құлап қалуы мүмкін. Сондықтан да алдын алу үшін оларды алып тастап жатырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы мамыр айының соңына дейін аяқталады деп жоспарланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы