389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жоғары кернеулі трансформатор зауыты іске қосылды

  • 494
Шымкентте жоғары кернеулі трансформатор зауыты іске қосылды

Шымкентте авто және май трансформаторлары мен реактор шығаратын зауыт ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған өндіріс орны үдемелі және экологиялық таза технологияларға негізделген. Бұл кәсіпорын – трансформаторлық құрылғыны жасау жөніндегі Орталық Азиядағы ең ірі зауыт. «Әзірге көршілес елдерде мұндай кең көлемде трансформатор шығаратын өндіріс орны жоқ», – дейді зауыт басшылығы. Кәсіпорын электр желілерін басқару жөніндегі еліміздің белді компаниясымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған. Зауыт өнімдерін Иран, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай ақ ТМД елдерінің нарығына шығару жоспарланып отыр. Алдағы уақытта зауыт өнімін Қазақстанның электр энергетика саласында кеңінен пайдаланатын болады. Өндіріс орны жылына 120 трансформатор шығаруды алдына мақсат қойып отыр. Жалпы жобаның құны 20 миллиард теңгені құрайды. Тауардың 60 пайызы еліміздің нарығына шығарылса, қалған 40 пайызы экспортқа жөнелтіледі.

Еркебұлан Ілиясов, зауыттың жоба жетекшісі:

– Зауытта жаңа технологиялар мен қондырғылар қолданылған. Украина елінде «Все Росиский институт трансформаторо строение» деген институт бар. Сол институттың технологиясымен бірігіп зауытты іске қосып отырмыз. Бірінші трансформаторды Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қоймақпыз.

Бақытжан Қажиев, электр желілерін басқару жөніндегі компанияның басқарма төрағасы:

– Трансформатор реакторларды өзіміздің Қазақстанда өндіріп жатқаннан кейін басқа мемлекеттен сатып алмаймыз. Яғни өзімізден алатын мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы