378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау комиссияларының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының басшылары үшін семинар өтті

  • 200
  • UPD: 18:46, 27.04.2019

Бас шаһарда аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері мен учаскелік сайлау комиссияларының басшылары үшін оқыту семинары өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында ұйымдастырылған шараға 40-қа жуық қызметкер қатысты. Ал дәріс оқыған мамандар сайлау заңнамалары мен процестерін ұйымдастыру және сайлау науқандарын өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында 2017-2018 жылдары заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге, сайлауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне байланысты тақырыптар талқыланды. Айта кетейік, соңғы 2 жыл ішінде 150-ге жуық маман кәсіби біліктілігін арттырған.

Альтаир Ахметов, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

- Қазіргі таңда академиямен орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, тиісті бағдарлама әзірленді. Ол бағдарламаның барысында Орталық сайлау комиссияның өкілдері және жергілікті сайлау комиссияларының өкілдері оқытылып жатыр. Ол өте маңызды шара. Өйткені ол бірнеше заңнамалық нюанстар, біраз өзгерістер болғандықтан, біз сол заңды жағынан әріптестеріміздің білімін қалыптастыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы