378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 141
  • UPD: 15:32, 28.04.2019
Жамбыл облысында жолдағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді gorodtaraz

Әсіресе жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен тасымалдау қатаң бақылауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір автобекеттер мен станцияларды стандартқа сәйкестендіру шаралары жүріп жатыр. Төңірегіндегі жабайы тұрақтар жойылып, заңсыз тасымалдаушылардан тазартылуда. Нәтижесінде заңды тіркелген нысандардың табысы мен айналымы 12 процентке өскен. Өңірде жол-көлік оқиғалары да соңғы уақытта төмендеді. Алайда жарақат алғандар саны 9,4 процентке көбейіп отыр. Алдын алу мақсатында күндіз-түні кезекшілік қойылып, рейдтік шаралар өткізіліп жатыр. Облыста екі күндік тексеріс кезінде 600 әкімшілік хаттама толтырылып, 300-ден астам жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін жауапқа тартылды.

Бақытжан Жәнібеков, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Жолда қолын көтеріп, басқа бейтаныс адамға мініп кету. Оның техникалық жағдайы, ол адам мас күйінде ме, есірткі қабылдаған ба, сондайлардың ешқайсысын білмейді. Сол үшін заң талаптарын орындау мақсатында тек заңда көрсетілген автовокзал, автостанция, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінде ғана жүргізілу талап етілген. Жұмысты қазір түбейгейлі соған бұрып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы