379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ТМД әскери оқу орындары қауымдастығының І отырысы өтті

  • 169
  • UPD: 15:31, 28.04.2019
Елордада ТМД әскери оқу орындары қауымдастығының І отырысы өтті

Тұңғыш Президент атындағы ұлттық университет базасында ұйымдастырылған шараның мақсаты – әскери білім беру сапасын арттыру, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ әскери ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлап, кәсіби біліктілікті арттыру қызметін де қамтиды. Осы арқылы ТМД елдеріндегі әскери жоғары оқу орындары арасындағы байланыс нығаяды. Сала қызметкерлері үшін жұмыс сапарлары ұйымдастырылып, өзара тәжірибе алмасу көзделіп отыр. Келелі жиын соңында қатысушылар 2023 жылға дейінгі жұмыс жоспарын әзірлеу жөнінде өзара уағдаласты. Айта кетейік, отырыстың өтуіне Қазақстан тарабы бастамашы болды.

Хабар 24 телеарнасы