389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жезқазғанда мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылды

  • 761
  • UPD: 15:31, 28.04.2019
Жезқазғанда мүгедек балаларды оңалту орталығы ашылды

Бұл – жарымжан жандарға көмек көрсететін шаһардағы алғашқы жекеменшік нысан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір мұнда мемлекеттік жалғыз мекеме жұмыс істеп тұр. «Ал Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында 1300-ге жуық бала осындай орталыққа мұқтаж», – дейді мамандар. Өкінішке қарай, жаңа әлеуметтік нысан тек 30 балаға арналған. Егер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тапсырыс болса, кеңейтуді көздеп отыр. Мұнда логопед, дефектолог мамандар балалардың ортаға бейімделуіне көмек көрсетеді. «Алғашқы нәтижелері жаман емес», – дейді ата-аналар.

Бауыржан Мұқанов, Жезқазған қаласының тұрғыны:

- Балада өзгеріс бар. Мұнда қуана келеді. Бұрын ана жақта көп бала болды, оған да баратын. Бірақ кейде қипақтаушы еді, ал мұнда жоқ, таңертең бірінші өзі тұрып жүгіреді. Қуана келеді. Қызығып келеді. Көпшілікпен араласады, үйренеді. Қазір бала билеп үйреніп жүр. 

Хабар 24 телеарнасы