389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

  • 1695
  • UPD: 18:26, 28.04.2019

Жамбыл облысында кәмелеттік жасқа толмаған қызды өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – 37 жастағы Қаратау қаласының тұрғыны. Күдікті отбасылы, бұрын ұрлық дерегі бойынша істі болған көрінеді. Бұл жөнінде арнайы брифинг кезінде мәлім болды. Тергеп-тексеру кезінде күдіктінің үйінен заттай айғақтар табылды. Облыстық Полиция департаменті бастығының айтуынша, күдікті кінәсін толықтай мойындаған. Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім басынан жарақат алған болуы мүмкін. Оның жантүршігерлік әрекетін қалай жүзеге асырғандығы жарияланбай отыр. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 15-25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Арман Оразалиев, облыстық Полиция департаментінің бастығы:

- Бізге мойындағаны ма, жоқ па, бізде барлығы дәлелді заттармен, барлығы бар. Бірақ қазіргі таңда сіздерге оны айтуға болмайды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында біз бірнеше күннен кейін барлығын айта аламыз.

Аталған дерек бойынша бірқатар сот медициналық сараптама кешені тағайындалды. Нәтижесі бір айдың көлемінде белгілі болады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы